Главная » Правописание слов » Как написать эссе на казахском языке

Слово Как написать эссе на казахском языке - однокоренные слова и морфемный разбор слова (приставка, корень, суффикс, окончание):


Морфемный разбор слова:

Однокоренные слова к слову:

Как написать эссе на казахском языке

Слово «Эссе» происходит от французского слова «essai» и английского слова «essay», относится к категории очерков. Корни этих слов уходят к латинскому слову «exagium», что переводится как «думать». Эссе – это написание самостоятельного текста на заданную тему.

Эссе также можно рассматривать как старое-доброе сочинение, которое идет со школьных программ советского времени. Однако в отличии от сочинения, эссе выглядит объемнее.

Основная цель и эссе, и сочинения – это донести свои мысли в письменном виде и самостоятельно развивать писательские навыки.

Цель написания эссе объясняет его структуру и объем. Сначала выбирается тема эссе, потом придумывается название. Обозначив цели и задачи, надо составить план. После этого можно приступить к самому написанию. Во время изложения эссе учеником или студентом важно точно и грамотно выражать мысль, систематизировать информацию, использовать основные категории анализа, приводить нужные примеры, последовательно делать выводы и придерживаться литературно-художественного стиля. Во время процесса написания эссе основная проблема должна быть изложена ясно, кратко, мотивировано и последовательно. Во время раскрытия темы нужно использовать литературный язык изложения с непринужденными, эффективными и устойчивыми словосочетаниями, местами должны быть использованы цитаты. Если выражать содержание эссе в процентах, то введение должно составлять 30%, основная часть 60% и вывод 10%.

Во введении следует вкратце написать о причинах выбора заданной темы и указать ее актуальность. По теме можно написать аннотацию к рассматриваемым вопросам и проблемам.

В основной части рассматривается теоретические и практические способы достижения целей и обязанностей в решении вопросов выбранной темы. В этой части происходит работа по изложению, анализу, синтезу, персонализации, обособлению и систематизации мысли.

В выводе следует написать о выводах, вытекающих из основной части, и обобщить их. Вывод должен отвечать на вопрос, который задан во введении. Эссе оценивается по следующим критериям:

1. Логическая и писательская грамотность автора (орфография, пунктуация, стилистика);

2. Наличие собственного мнения;

3 Знание теории вопроса;

4 Наличие практических навыков;

5 Органичное использование терминов и цитат;

6 Использование методов сбора, анализа, сравнения, подведения итогов;

7 Умение использовать ссылки.

Мнение автора статьи не выражает мнение редакции.

Источник

Эссені қалай жазады – барлық ережелер

Шығармашылық сипаттағы өзіндік жұмыс түрлерінің бірі – эссе. Алайда, жанрдың бұл түрін көбі шығармамен шатастырып, дұрыс жаза бермейді. Соған байланысты Stan.kz кез-келген тақырып бойынша эссені дұрыс жазу және жалпы қателерді болдырмау туралы әңгімелейтін болады.

Сіздер эссенің құрылымы қандай болуы керек екенін, эссені басқа жанрлардан қандай белгілері ерекшелеп тұратынын, тақырыпты қалай таңдайтыныңызды және өз ойыңызды қағазға сауатты түсіруді білетін боласыздар.

Эссе дегеніміз не?

Көпшілігі эссе – бұл қарапайым шығарма деп ойлайды. Алайда, олай емес.

Эссе – прозалық әдеби жанр. Француз тілінен аударғанда «очерк» немесе «нобай» деген мағынаны білдіреді. Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәсеге қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.

Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.

Эссенің сипатты ерекшеліктері

Эссені дұрыс жазу үшін, алдымен оны басқа жанрлардан ажырататын ерекшеліктерді ескеру қажет.

Эссенің негізгі белгілері:

Осылайша, эссе баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманның ойлануына түрткі болу. Эсседе автор өзінің көзқарасына көндірмейді, ол өз ойы арқылы оқырманды ойландырып, мәселені талқылауға шақырады.

Эссе қалай жазылады?

Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын ұстанып жазса, эссе қызықты болады.

Тақырыпты қалай таңдауға болады

Егер жалпы бағыт бойынша таңдау керек тақырыптар тізімі жоқ болса, онда эссенің қандай аудиторияға керек екенін ескеру қажет. Мұнда нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін: университет оқытушысы, комиссия, әдеби қауымдастық, жұмыс беруші болуы ықтимал.

Егер эссені мұғалімге өткізу үшін жазса, онда қандай қасиеттердің бағаланатынын ойлану керек. Осыған байланысты тексеруші автордан күтетін түпнұсқалық, сөйлемдерді қисынды түрде қалыптастыру қабілеті, сауаттылық, кәсіби қасиеттер және т.б. секілді қабілеттерді көрсету мүмкін болатын тақырыпты таңдауы қажет.

Ұсынылған тізімнен эссе жазатын тақырыпты таңдағанда, белгілі бір білім, ой-пікір бар немесе қатты қызығушылық тудырған тақырыпты таңдаған жөн.

Егер эссе жұмыс берушіге бағытталса, онда эссенің тақырыбы мен мазмұны автордың сипатын, оның шынайылығын, біртумалығын, адамгершілігін және даралығын көрсетіп тұруы қажет.

Эссені қалай бастайды

Жиі сөзшең және өз ойын қағазға түсіру қабілетіне ие адамдарда шығарманы, соның ішінде эссені бастауда қиындық туады. Бірақ, эссені қалай бастауды ойлап отыра берсең айтарлықтай көп уақыт кетеді, ал бұл шығармашылық жұмыстың үрдісін едәуір тұмандандырады.

Сондықтан, эссені қалай бастау керектігі туралы ұсынған кеңестерімізді пайдаланыңыз.

1-кеңес. Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу керек.

2-кеңес. Еркін жазу әдісін қолданыңыз. Оның мәні – болып жатқан нәрселерді миға редакциялаусыз және грамматика, пунктуация, стиль секілді т.б. ережелерге бағынбай-ақ жазуда. Бұл шығармашылық дағдарыспен күресуге және керемет идеяларды табуға көмектесетін тамаша тәсіл.

3-кеңес. Кіріспе бөлімге тоқтап қалмау керек. Алғысөзді негізгі бөлім жазылғаннан кейін де жазса болады. Бұл жағдайда эссенің не туралы жазылғаны түсінікті болғандықтан, кіріспені де жазу оңайырақ болады.

4-кеңес. Эссе жазудың барынша кеңінен тараған танымал нұсқаларының бірі – бірінші сұрақтан бастап, оған жауап жазу.

Эссеге қалай жоспар құруға болады

Бірден мінсіз жоспар құруға ұмтылуға болмайды. Өйткені, ол жұмыс барысында редакциялануы мүмкін. Оның үстіне эссе жазу кезінде жоспар құру мүлдем қажет емес, сонымен қатар құрастырылып қойған жоспарға да сүйенудің қажеті жоқ. Шектеулер мен қатаң шеңберлердің болмауы осы жанрдың артықшылығы болып табылады. Егер авторға қатаң жоспарға сүйену оңай болса, онда оны құрастыру үшін де уақыт қажет.

Сондай-ақ, барлық негізгі ойлар жоспардың тармағы түрінде көрсетілуі керек. Одан кейін, әр тармақты тармақшаларға бөліп, ойды толығымен егжей-тегжейін ашып, жеткізуге болады.

Содан кейін жоспарды қайтадан оқып шығып, әр тармақ өз орнында тұр ма және жеткілікті түрде ашылды ма, соны тексеріп шығыңыз.

Эссенің құрылымы неден тұрады

Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады.

Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады.

Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.

Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.

Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.

Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады.

Эссенің шығармадан айырмашылығы

Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді. Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқалардан ерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет.

Көркем туындыны талдайтын шығарамаға қарағанда, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатысты ұстанымын қамтиды.

Сондай-ақ, эссені шығармадан ерекшелейтін ерекшеліктердің бірі – оның қарама-қайшылықты (парадокстылық) болуы. Яғни, жарқын бейнелер мен афоризмдерді және тосын пікірлерді қолдану арқылы оқырманды таңғалдырып, оған әсер ету.

Эссе жазу бойынша кеңестер

Барлық эссе ережелері ұсынылатын кеңес түрінде болады. Жоғарыда берілген ақпараттарды ескере отырып, эссені қалай жазу туралы кеңестерімізді пайдаланыңыз және оқырманға бей-жай қалдырмайтын эссе жазыңыз.

Эссе жазуда жиі жіберілетін қателіктер

Ең жиі кездесетін қателерді біле жүрген дұрыс. Себебі, олар эссені өзің жазған кезде сол қателерді жібермеуге көмектеседі.

1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.

2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді.

3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.

4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.

Жалпы, эссе жанрының артықшылығы қатаң шектеулердің болмауында. Шығармашылықтың толық еркіндігі, өз пікіріңді білдіру және ойыңмен бөлісу мүмкіндігі, мәселені қалыпсыз шешу – бұл керемет идеяларды шығаратын шығармашылық адамдарға осы жанрды тартымды ететін эссеге тән ерекшеліктер болып табылады.

Источник

Эссе жазу үлгісі

Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы&nbsp- тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге &amphellip кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы&nbsp- бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.

Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;

Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл&nbsp- метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).

Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.

Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).

Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).

Эссе жазуда практикалық қадамдар:

Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы&nbsp- эссенің негізгі ойы.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.

Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.

Жиі кездесетін қателіктер:

1. проблема ашылмайды;

2. автордың жеке позициясы көрінбейді;

3. теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;

7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;

8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. логиканың болмауы.

Қосымша мәліметтер:

1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.

2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.

3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.

4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.

5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе&nbsp- бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.

Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы&nbsp- өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

Бағалау межелері:

Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ойлаймыз.

Енді сол талаптар бойынша жазылған эссе үлгісін ұсынамыз.

Эссенің тақырыбы: Ұрпағымын ұлтымның

1.Тақырыптың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз.

Эссе құрылымы үш бөліктен тұрады. Сіздің жоспарларыңыз да үш бөлімнен тұруы керек. Жоспарды өзіңіз жазатын эссенің мақсаты, пайдаланатын деректер мен дәйектер қозғайтын мәселелерге байланысты құрыңыз. Ол жоспарда Сіз жазуға тиісті барлық пікірлердің түйіні берілгені жөн.

2. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылу үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздер және сөз тіркестерін пайдалану қажет.

Төмендегі тірек сөздерді эссе жазу барысында қолдану ұсынылады: ұлт болашағы, ұлт тағдыры, байтақ жер, жастар ие болып қалады.

Сіздің әрекетіңіз:

Ұсынылған тақырыпты түсініп, онда түйінделген мәселені нақтылаңыз.

Эссеңізге баяндалатын жағдаятты ойша бірнеше бөлікке бөліп алыңыз.

Әрбір бөлікті қамтитын жоспар құрыңыз.

Эссенің кіріспесін жазыңыз. Эссе жазудың бұл кезеңінде өз жұмысыңызда қандай жауап іздейтініңізді анықтау қажет.

Негізгі бөлімде тарихи, саяси-экономикалық өмірден, кітаптан,өзіңіздің тәжірибеңізден алынған мысалдар ендіре отырып, нақты деректер мен дәйектер арқылы тақырыбыңызды ашуға тырысыңыз. Эссені жеке ұстанымыңыз, пікіріңіз, көзқарасыңыз айқын көрінетін қорытындымен аяқтаңыз.

ІІІ Әр адам өз ұлтымен мақтана алады

Ұрпағымын ұлтымның

Қазақ деген ұлттың өкілі болу&nbsp- зор бақыт. Мен&nbsp- сол бақытқа ие болған жанның бірімін. Қазақылықтың бәрін сүйемін. Күмбір-күмбір қара домбыра даусынан басқа әсем дауыс жоқтай. Жастарға ақ батасын жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың алдында құрдай жорғалағаны да жарасатын секілді. &laquoЕркежан&raquo деп жұмсайтын ақ жеңешелерімнің тауып айтатын, кейде тіпті &laquoсойып салатын&raquo әзіл-қалжындарына төтеп бере алмай, қызарақтап жеңілген қандай ғанибет!

Осындай ұлтқа мекен болған кең-байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларым-ай!

О шеті мен бұ шетіне көзің жетпейтін, шапса тұлпардың тұяғы тозатұғын, ұшса қыранның қанаты талатұғын қазақ жері&nbsp- менің де жерім.

Жасыл жайлау түкті кілем боп қазаққа төселіп жатыр. Ақ бас тауы өр мінезді қазақ баһадүрі секілді мызғымай қасқаяды. Қыр мен қыраты, шөл мен шөлейті сабырыңды сынайтын, шыдамыңды шыңдап, шалқар шабытыңды шақыратын сырлы өлке де&nbsp- менің Отаным.

Эссенің жазылу дәрежесіне талдау жасайық және бағалау межелері бойынша бағалап көрейік:

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:

2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.

3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын. ), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.

Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

&frac34 жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған&nbsp- 10 балл.

2. СӨЖ-ді жаздыруға арналған әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің ғылыми-танымдық көзқарасының кеңеюіне, жауапкершіліктерінің артуына, күнделікті үлгерімдерінің жақсаруына сан-салалы шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын курс, бақылау, реферат жұмыстарының да игі әсерін тигізері хақ. Сондай-ақ, бұл жұмыстар студенттердің алған теориялық білімін зерттеу жұмыстарының барысында практикалық тұрғыда қаншалықты қолдана білу біліктілігінің де көрінісі.

Курс, бақылау, реферат жұмыстарын мазмұнды, жоғары талапқа сай орындау студенттерден кәсіби білім мен бейімділікті, жазу мәдениетін, әдеби талдау мен жинақтаудың қағидаларын, амал-тәсілдерді білуді, белгілі мөлшерде әдеби-эстетикалық сауаттылықты, сөз өнерін сүюді қажет етеді.

Курс, бақылау, реферат жұмыстары студенттердің жоғары кәсіби білім алу жолындағы маңызды әрі міндетті оқу-педагогикалық шаралардың бірі болғандықтан олардың құрылысы мен жалпы мазмұнына, орындалуына белгілі бір талаптар қойылады.

Бақылау, реферат жұмыстарын орындау жоспары және кезеңдері.&nbsp

Курс, бақылау, реферат жұмыстарын жазуға кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жоспарын жасап алуы керек. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады:

2) Таңдаған тақырыпты жан-жақты талдап ашуға қажетті көркем туындыларды іріктеу, әдеби-сын, зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбесін жасау;

3) Іріктелген көркем туындылар мен әдеби-сын, зерттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, мақсат-міндеттерін айқындау;

4) Курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау;

5) Курстық, бақылау, реферат жұмыстарын жазу, аяқтау.

Әрине, қарастырылатын мәселенің, тақырыптың сипатына, мазмұнына қарай жоспардың қай үлгісін құруды студенттің өзі шешеді. Жоспар ғылыми жетекшіге тексеруге, бекітуге ұсынылады.

Курс, бақылау, реферат жұмыстарын жазуға даярлық сатыларынан өткен соң, енді ең жауапты кезең жұмысты жазу басталады. Басты талап-тілек-туындыны тақырыптық-идеялық тұтастықта, мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастырып, көркемдік әлемінің құпия сырларына бойлай білу, осынау алуан тағдырлы адамдар жаратылысы, өмір-тіршілік күйлері жайлы өзінше толғанып, ойлай білу.

Егер таңдалған тақырып жеке бір туынды жайында болса, оның авторының шығармашылық өмірбаянынан, кітап жазылған кезең, әдеби орта жайлы хабардар болу да артық емес. Тақырыпқа қатысты түрлі зерттеу еңбектері, оқулық, әдеби-сын мақалалар бағыт берер, пайдалы ой туғызар көмекші құралдар есебінде ғана.

Курс, бақылау, реферат жұмыстары шығармашылық еңбек болғандықтан, студенттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала отырып тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік-эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап, таразылап, түйген ой-тұжырымдарын ортаға салуы керек.

Кіріспеде әдетте курс жұмысына (бітіру жұмысына) өзек, тақырып болып отырған мәселенің ғылымдағы орны, оның өзектілігі жайлы қысқаша шолу жасала келе,тақырыптың маңыздылығы, оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады. Мұны курс жұмысының (бітіру жұмысының) мақсат-міндетін айқындау деп те айтуға болады. Яғни, кіріспеге негізінен ғылыми аппарат кіреді. Олар:

1. Тақырыптың өзектілігі.

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

4. Зерттеудің дереккөздері.

5. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.

6. Жұмыстың құрылымы.

7. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.

8. Зерттеудің әдістері.

Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын қайда және қашан зерттелінгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелінгені, таңдалған тақырыптың жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі қажеттілігін, бұл тақырыптың әдебиет пен мәдениет, қоғам алдындағы маңызын ашып көрсету керек. Ғылыми стильде баяндалады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту бағытын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері нақты және дәлелді болу керек.

Зерттеу нысаны &ampndash ақын-жазушылар шығармашылығындағы зерттелінетін мәселе. Зерттелініп отырған қаламгердің жұмыста қарастырылатын шығармалары нақтылы аталып көрсетілуі қажет. Бұл жерде ненің зерттелінетіні туралы сөз болу керек.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуге теориялық негіз болған ғылыми еңбектер мен негізгі басшылыққа алынған ғалымдар еңбектері, тарихи мәліметтер, архив материалдары, баспасөз деректері беріледі. Зерттеуге қатысты басшылыққа алынған ғалымдардың есімдері ретімен аталады.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Курстық және диплом жұмыстарында ешкім де ғылыми жаңалық ашпайды. Дегенмен ізденіп тақырып айналасында қол жеткен жетістіктер мен ғылыми талдаулар нәтижесі айтылады. Сондай-ақ бұған дейін бұл тақырыптың жазылып, сөз болғанын ескеріп, одан өзгеше мәселелер қарастырып, басқа ізденістер жүргізгені баяндалады.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Әдебиет теориясында зерттеу әдістері берілген. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу, соңынан талдау жасау, содан соң жұмысты қорытындылау қажет.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Курстық және диплом жұмыстарының қазақ әдебиеттану ғылымы үшін маңыздылығын атап, қазақ әдебиеті тарихы пәніне қосымша материал болатынын ескерту керек. Теориялық жұмыстың құндылығы мен практикалық маңызы айтылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың кіріспеден, қанша тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұратындығы хабарланады.

Мысалы, тақырып &laquoМ.Әуезов әңгімелеріндегі суреткер шеберлігі&raquo болса, кіріспеде мынадай мәселелер қамтылады.

Қазақ халқының өткен тарихын қозғап, толғағы жеткен мәселелерді көтеріп, ел тұрмысының шынайы болмысын баяндап, адамдар тағдырының шындығын суреттеген М.Әуезов туындылары қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы тақырыптың өзектілігін айқындайды. Зерттеудің негізгі мақсаты &ampndash М.Әуезовтің ғұлама жазушылық дарыны мен суреткерлік шеберлігін анықтау. Қаламгердің өзіндік даралық қолтаңбасын айқындау. М.Әуезовтің 20-шы және 30-шы жылдары жазылған әңгімелері зерттеудің негізгі нысаны болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мынадай болмақ: М.Әуезовтің шығармашылығы шеберлігінің сан қырлы иірім, құпиялары әлі де ашылған жоқ. Сондықтан бұл жұмыста М.Әуезов әңгімелеріндегі жазушының суреткерлік шеберлігінің қырларына жан-жақты талдау жасалады.

Негізгі тарауда кіріспеде тұжырымдалған мақсат-міндетке сәйкес мынадай мәселелер қарастырылады. М.Әуезов әңгімелеріндегі пейзаж көріністерін суреттеудегі жазушының шеберлігіне талдау жасалады. М.Әуезов пейзаж суретін беруде алдына жан салмайтын қас шебердің өзі екені белгілі. Пейзаж суретін әңгіме оқиғасына байланыстырып құрудағы жазушының баяндау тәсіліне жіті көз жіберіледі. Оқиға барысымен сабақтас кейіпкер психологиясы мен табиғат құбылысын жазушы бірлікте бейнелейді. Демек суреткер әңгімелеріндегі психологиялық параллелизм тәсіліне зерттеу жүргізіледі. Әуезов әңгімелеріндегі портрет сомдау мен характер жасаудағы өзіндік қолтаңбасының даралық сипаты ажыратылады. Тақырыпта айтылып тұрғандай жазушының суреткерлік шеберлігін танытатын басты белгілеріне теориялық талдау жасалынуы керек. Яғни, негізгі зерттелінетін мәселенің әдеби теориялық жағына, ғылыми талдау мен зерттеу жұмыстарына баса назар аударылады. Негізгі тарауда тақырыптың басты мәселесі ашылуы және зерттелінуі қажет.

Қорытындыда жұмыстың өн бойында талдау барысында айтылған ойлар, пікірлер жинақталып беріледі, яғни тақырып бойынша жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Бұл бөлімде зерттеліп отырған мәселеден шығатын қорытындылар тұжырымдалады. Кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы мен негізгі тарауда сөз болған теориялық ізденістер, әдеби-ғылыми талдау жұмыстарынан шыққан қорытындылар пайымдалады.

Курс, бақылау, реферат жұмыстарының соңында сілтеме жасалу ретімен пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

Көп жағдайда курс, бақылау, реферат жұмыстарында төмендегідей олқылықтар (кемшіліктер) орын алады:

1) Тақырыпқа, зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ ұзақ-сонар кіріспе жазылады (мәселе нақтылы бір туындаға байланысты болса да студенттер қаламгердің өмір жолын, жалпы шығармашылығын тізбелейді). Нәтижесінде тақырып та, мәселе де үстірт немесе жеңіл сөз болады, әйтпесе ашылмай қалуы да мүмкін.

2) Көркем туынды жайлы сыни мақалаларда, еңбектерде айтылған пікірлерді көшіруге бейім тұрушылық көп кездеседі. Курстық, бақылау, реферат жұмыстары кішігірім шығармашылық ғылыми еңбек саналатындықтан, онда студенттердің әдеби сауаттылығын танытатын өзіндік ой, мысалдарға, фактілерге негізделген талдау, тұжырымдар болуы керек. Ал, әдеби-сын, зерттеулерден пікір-тұжырымдарды ойын бекіту немесе пікір жарыстыру мақсатында оларға тиісті сілтемелер жасай отырып орнымен ғана пайдалана білуі жөн.

3) Жұмыстың ішкі бөлім-бөлшектерінің тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан өзара байланыс-бірлігі жетпей жатады. Бұл жоспарға да, студенттің мәселені талдай, байыптай білу қабілетіне де байланысты болып келеді.

4) Курс, бақылау, реферат жұмыстарының көпшілігі қарадүрсін тілмен жазылады. Дұрысында жұмыстың тілі мәнерлі, көрікті болуы керек. Өйткені бұл шаруашылық есеп емес, өмір-болмыстың теңіз толқынындай тынымсыз қозғалыстағы күйлерін, адам жаратылысының ақиқатын сырлы суретпен сипаттаған сөз өнері, көркем туынды туралы толғаныс емес пе? Сондықтан бұл жұмыстың өн бойынан студенттердің көркемдік әлеміне деген ынта-ықыласы, сөз өнерін сүйе де, түсіне де білетіндігі, соған сай сезім-эмоциясы танылып, өзіндік айшықты тілі көрініп тұруы керек.

5) Курстық жұмыстардың реферат, конспект сияқты жазылып өткізілетін де түрлері де кездеседі. Демек, студенттің курс жұмысының байыбына бара алмай, белгілі әдебиеттерден көшіріп алып келуі жиі кездеседі.

Сондықтан осындай кемшіліктерді болдырмау жағын көп қадағалау қажет.

Источник

Теперь вы знаете какие однокоренные слова подходят к слову Как написать эссе на казахском языке, а так же какой у него корень, приставка, суффикс и окончание. Вы можете дополнить список однокоренных слов к слову "Как написать эссе на казахском языке", предложив свой вариант в комментариях ниже, а также выразить свое несогласие проведенным с морфемным разбором.

Какие вы еще знаете однокоренные слова к слову Как написать эссе на казахском языке:



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *